Өңірдегі қорғаныс бөлімі қызметкерлері діни сауаттарын арттырды

Көрлімі: 14

Screenshot_3.jpg

Кез-келген мемлекет сыртқы жаудан қорғану үшін шекарасын мықтап бекітіп ұстау керек. Шекарадан жау да, дос та кіреді. Шекараның ел экономикасында, ел қауіпсіздігінде алар орны ерекше. Сондықтан да, шекарашыларға, ел ішіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ететін қорғаныс бөлімі мамандарына артылар жүк ауыр. Жауапкершіліктері зор. Егер олар қандай да болса қателік жіберсе, оның зардабы ауыр болады. Осы себепті, олар қызмет барысында ешқандай қателікке жол бермеуі тиіс.  

Осыған орай, бүгін Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог-маманы Б.Өтеген қатысып, бөлім қызметкерлеріне кереғар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілерде діни материалдар таратпау, діни экстремистік ұйымдардан сақтану керектігі жөнінде мағлұматтар берді. Кездесуге Түркістан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Кездесуде қорғаныс бөлімінің қызметкерлері көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойды. Нәтижесінде, кездесуде қандай да болсын діни бағыттың теріс, оң екендігін қалай тез анықтауға болатынын, діни экстремистер шекарадан өтерде қандай қулыққа баратыны жөнінде, ол қулықтың қалай алдын-алып, жол бермеуге болатыны жөнінде құнды ақпараттар айтылды. Осылайша, қорғаныс бөлімі қызметкерлері білімдерін жетілдіріп, діни сауаттарын арттырды.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Өңірдегі қорғаныс бөлімі қызметкерлері діни сауаттарын арттырды