Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам үшін!

Screenshot_5.jpg

Қай заманда болмасын, адалдық – өзектілігін жоғалтпақ. «Өтіріктің арты бір тұтам» демекші, түрлі қулық-сұмдыққа барғандар түбінде тұтылып, адал еңбек еткендердің жүздері жарқын болып, мерейлері тасыған. Адалдыққа адам ес білгенінен бастап үйренеді. Кішкентайынан санасына адалдық қасиетін сіңіріп өскен бала ешқашан теріс іс-әрекеттерге бармайды. Әсіресе, сыбайлас жемқорлықты болдырмайды.

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданында оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын алу, оқушыларға мәселені кеңінен түсіндіру мақсатында "Ынтымақ" жалпы орта мектебінде ""Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында аудандық семинар өтті. 

Іс-шара барысында 12 ашық тәрбие сағаты өтті. Әрқайсысында топқа бөлінген оқушылар сыбайлас жемқорлықтың әлемді алаңдатқан қоғам дерті екенін барынша дәлелдеуге талпынды. "Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам үшін" тақырыбында бейнероликтер, шығарма жазу, сурет салу байқауында бақ сынаған оқушылар Алғыс хатпен марапатталды. 

Оқушылар ұйымдастырған кішігірім әскери шеру, әскери көріністер көптің көкейінде ұзақ қалары анық. Семинарға қатысқан аудан мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары "Ынтымақ" мектебінің ұжымына, жоғары деңгейде дайындалған оқушыларға алғысын жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер