Өңірде игерусіз жатқан жер болмайды

Screenshot_2.jpg

Қазақстан – жері кең-байтақ мемлекет. Әрбір қадақ жерді тиімді пайдалану – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Жер тиімді пайдаланылғанда ғана оның халыққа тигізер пайдасы, бере жемісі зор болмақ.  

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан аумағындағы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мақсатындағы жерлерді анықтау, мемлекетке қайтару жұмысының барысы туралы жиын өтті. 

Жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Тасқұлов, аудан прокурорының орынбасары А.Нақыпбеков, аудан прокуратурасының аға прокуроры С.Сейілханов, тиісті бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен жер маман инспекторлары, жұмысшы топ мүшелері қатысты. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеевтың баяндамасы тыңдалды. Жиын соңында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін пайдаланбай жатқан және жерлерін тиімсіз пайдаланып жатқан жерлерді қайтарып алып, бұл жерлерді жоғары өнім алып отырған жер пайдаланушыларға беру тапсырылды. 

Енді алдағы уақытта бос жатқан жерлер игеріліп, ел игілігі үшін жұмыс істелінетін болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер