Төлеби ауданының 94,5 пайызы орталықтандырылған құбыр суымен қамтылған

Screenshot_6.jpg

Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімдігінің ғимаратында кезекті аппараттық мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары,қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қатысты. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық саласындағы жетістіктер айтылды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторы биылғы 9 айында 74 млрд 718,1 мың теңгені құрады. Жан басына шаққанда 640,6 мың теңге болып отыр, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 млрд 185,8 мың теңгеге немесе 14,1 пайызға артты. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласынада 2018 жылы 9 айында 24 млрд 503 млн теңгенің өнімі өндіріліп былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстарғанда 4 млрд 777 млн теңгеге артты, ал нақты көлем индексі 107.3 пайызды құрады.

Сондай ақ, ауылшаруашылық саласының өнім көлемі биылғы 9 айда 25 млрд 419,3 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады деп экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов баяндады.

Қала, ауылдық округтеріндегі елді мекендерге су есептегіш құралдарын орнату барысы туралы «Ленгер су» мекемесінің директоры А.Алтаев баяндама жасады. Аудан аумағындағы 55 елді мекеннің 52 елді мекені немесе 94,5% орталықтандырылған құбыр суымен қамтамасыз етілген.

Жиын қорытындысы бойынша, Бауыржан Омарбеков аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлімдері басшыларынан хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша сұрақтар қойып, бірқатар тапсырмалар берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер