Орыстар - шоқынған түркілер екенін айтты

Көрлімі: 1143

00.jpg

Abai.kz порталында Бекжан Әденұлының "Орыстар - шоқынған түркілер" атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақалада автор орыс ұлтының шығу тегін тереңірек зерттеп, ғылыми болжам жасайды. Оның жазуынша, орыстардың түбі - түркілер екен. Біз автордың мақаласынан қысқаша үзінді бере кетуді жөн көрдік. Толығырақ Abai.kz порталынан оқи аласыздар:

Әңгімемізді Мурад Аджидің «Дыхание Армагеддона» деген кітабындағы мына сөздермен басталық: «Каганат Великая Булгария пал первым, там тюрков, веривших в Бога Единого, насильно окрестили византийским крестом, потом покорили, назвали славянами, то есть народом-рабом. Для осуществления своего замысла Западная церковь руками монахов, в прямом смысле слова, вытравила царскую династию Рюриковичей, устроила на Московской Руси Смуту и християнское крещение в 1589 году, потом буквально протащила на престол Романовых – царей, подвластных папе из-за незаконности своего выдвижения. Прости меня, читатель, но «просвещали» славян не Кирилл и Мефодий, а иезут Лаврентий Зизаний, он составил первый славянский словник. Он! Славянский диалект шлифовали заботлива, взяв за основу то, о чем говорила Болгария. А дальше дело вкуса, здесь дописали букву, другую изъяли, поменяли ударение, и – тюркское слова «языгь» стало русским «язык». Рим поставил Романовым две глобальные цели – уничтожение татар (так стали называть тюрков) и создание военного плацдарма для нападения на мусульманский мир. Москве предлагали захватить Кавказ и Дешт-и-Кипчак (земля нынешнего Казахстана), превратиться в базу агрессии. В третий Рим. Наблюдательному человеку тут доказывать нечего, все на виду: более половины слов в русском языке тюркские, либо выведены из тюркского корня».

Осылайша ол кісі азғана сөзбен алғашқы славяндардың ХІІ ғасырда шоқындырылған бұлғарлар екенін және ХVІ ғасырда ғана шоқынған түркітілді халықтың шіркеу тіліне көшуімен орыс ұлты пайда болғанын, ХVІІІ ғасырда сол шіркеулік-славян тілін (ескі болгар тілін) өңдеп, қазіргі орыс тілі қолданысқа енгенін және осы процестердің Иезуид ордені жоспарымен іске асқанын анық дәлелдермен көрсетіп отыр. Орыс тіліндегі түркілік негізді мойындайтын қазіргі орыс зерттеушілері А.Фоменко мен Г.Носковский де: «Тюркский язык, вполне вероятно, был простонародным языком наших предков, а русский язык является, скорее всего, разговорным упрощением церковно-славянского языка. Ему наших предков научили в церкви, и он постепенно вытеснил разговорный тюркский язык», дейді. Яғни, орыстың ақиқаттан аттап кете алмаған нағыз ғалымдары ұлтының арғы тегі түркітілділер болғанын мойындайды.

Енді орыстар рус пен славян деп атап жүрген ұлттар жайлы тарихи деректер мен белгілі фактілерді зерделеп көрсек. Страбон деректері скиф-сарматтық аорс пен сираки тайпалары ІІІ ғасырға дейін Доннан Каспийге дейінгі далада, төменгі Еділ бойы мен Шығыстағы алдыңғы Кавказға дейінгі аймақта көшіп-қонып жүргенін, олардың Еділдің артындағы қоныстары Оңтүстік Орал етегі мен Орта Азия далаларына дейін созылатынын айғақтайды. Сонымен қатар онда аорстар мен сиракилердің бір бөлігі көшпелілер екені, бір бөлігі шатырларда өмір сүріп егіншілікпен айналысқаны жазылады. Демек аорс пен сирак тайпалары ІІІ ғасырға дейін қазіргі қазақ даласынан бастап Закавказье даласы мен Қара теңіз маңына дейін еркін көшіп-қонған. Олармен бірге скифтердің языги деген тайпасы да болды.

Осы үш тайпаның атауына мән берсек, сирак – сирақ деген қазақ сөзі тәрізді, бойшаң, ұзын деген мағынада қолданылатын «сирақты» сөзінен шыққан атау. Сонда «сираки» атауы дұрысында – сирақ үй («сирақ тайпасы» деген мағынада). 

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Орыстар - шоқынған түркілер екенін айтты