Белгілі жазушы Мысырдағы Пирамиданы қазақтар салғанын айтты

Көрлімі: 5267

maxresdefault.jpg

"Қамшы" порталына тарихқа қатысты мақалаларды жиі жазатын жазушы Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы күтпеген мәлімдеме жасады. Ол жер бетіндегі алып пирамидаларды біздің ата-бабаларымыз салған деген тұжырымға келді.

Жазушы біздің заманымызға дейін бүкіл әлем халқы Қазақ деген елдің құрамында өмір сүрген деп болжайды.

Бұл туралы біраз зерттеу жүргізген қаламгер Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы әйгілі ірі пирамидаларды да біздің арғы аталарымыз салдырған деген тұжырымға келіп отыр."Бүкіл жер шарының түкпір-түкпірінде алып пирамидалар бар. Соларды салған да біздің аталарымыз. Оған Египет пирамидасының ішіндегі бөлменің қабырғасынан табылған "домбыра мен Қаз Адайдың "тіл таңбасы" толықтай куәлік ете алады", - деді ол өз жазбасында.

Сондай-ақ, жазушы Каирдағы мұражайға қойылған Египет перғауыны Тутанхамонның бала кезіндегң ойыншығы қойдың асығына ұқсайтынын, ал пирамиданың биік шыңы Адай таңбасы "жебеге" сәйкес келетінін айтты.

Ол Құран Кәрімде пирамидаларды салған Перғауындардың "қазық" деп аталғанын да сөз етті. 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Белгілі жазушы Мысырдағы Пирамиданы қазақтар салғанын айтты