2018 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесу "Түркістан" сарайында өтуде. Жиынға ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Егемберді Ерғали, Шымкент қаласы мәслихатының депуттаттары, қала әкімінің орынбасарлары, басқармалардың басшылары, мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.
Есепті кездесуде қала әкімі көпбалалы аналарға көптеген жеңілдіктер қарастырылығанын айтты. Мысалы, Шымкентте көп балалы аналарға арнайы ОРТАЛЫҚ ашылады. Онда тек көп балалы аналар әкімдіктің барлық қызметіне қол жеткізе алады.Сонымен қатар, табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға жылына бір берілетін көмек көлемі 25 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін артып, бұл қаржы келесі оқу жылына дайындық үшін тамыз айында беріледі.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында көп балалы аналар 1 наурыздан бастап Шымкенттегі қоғамдық көлікте ТЕГІН жүре алады. Бұл аналарға әкімдіктің 8 наурызға деген сыйлығы болсын! Жолаушылар көлігі басқармасына осы тапсырманы орындағандары үшін алғыс айтамын. Дегенмен, нарық талабын ескере отырып, көлік компаниялары осы бағыттағы шығындарына СУБСИДИЯ ретінде қаржы бөлеміз, - деді шаһар басшысы.