Шымкентте аудан әкімдері халықпен күнде кездеседі

5a713b6b704dd.jpg

Шымкентте аудан әкімдері халықпен жаңа кесте бойынша жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін аптасына бір рет азаматтарды қабылдап келген аудан әкімдері ендігі жерде халықпен күн сайын кездеседі. Бүгін қала активінің отырысында шаһар әкімі Ғабидолла Әбдірахымов осындай тапсырма берді.

«Бұрын азаматтарды аптасына бір рет белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаңыздар, ендігі жерде күн сайын таңертеңгі сағат 9:00-10:00 аралығында жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғни, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасаңыздар. Егер тұрғындардың сенімін ақтасаңыздар, дұрыс жұмыс жасағандарыңыз. Халықтың сенімін ақтау – жұмыстың басты көрсеткіші», - деп атап өтті Ғабидолла Әбдірахымов.

Қала əкімі, сондай-ақ, аудан басшыларына өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы халықтың өмір сүру сапасына жеке жауапты екендерін де ескертті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер