Вальс королінің ауылында жаңа ескерткіш бой көтереді

322_344a9b49ee01302e061053a761f30347.jpg

15 тамыз аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты Ш.Қалдаяқов ауылында мемлекеттік гимн авторы, «Қазақ вальсінің королі» атанған атақты композитордың құрметіне еңселі ескерткіш бой көтермек. Сондай-ақ ұлы сазгердің балалық шағы өткен ауыл қайта гүлденіп, жаңарып, жасармақ. Қазақ даласын әнмен тербеткен сазгердің туған жеріне жасалатын өзге игілікті істер жөнінде Отырар аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайбергенов: 

«Биыл Ш.Қалдаяқов ауылының абаттандыру жұмыстарына аудан бюджеті есебінен 46 млн.144 мың 619 теңге қаржы қаралды. Бұл қаржыға елдімекендегі Мәдениет үйінің жанынан бой көтеріп жатқан жаңа саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, саябақ ішіне Шәмші атамыздың ескерткіші бой көтереді. Саябақтың кіре беріс қақпасы мен қоршаулары салынып, брусчатка төселсе, демалушыларға арналған орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Саябақ жарықтандырылып, ратондар қойылады. Сонымен қатар елдімекендегі Ерманов, Азаттық, Әділет көшелеріне аяқжолдар салынады деп күтілуде. Орталық үш көшені бойлай салынатын аяқ жолдарға да орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылып, жарықтандыру жүргізіледі», – дейді. 

Аталған жұмыстарға жауапты мердігер Қазақстан зағиптар қоғамының «Ар-Рохим» кооперативтік қоры». Саябақ ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, отырарлықтар көптен күткен «көгілдір отын» мәселесі Ш.Қалдаяқов ауылында да шешімін таппақ. Өйткені, осы жұмыстарға бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер