Кеше Түймебаевтың, бүгін Әбдірахымовтың қасында...

39014995_1757766511008429_1321680261544411136_n.jpg

(Фото: Шымкент қаласының әкімдігі)

Президент жарлығымен 5 қазанда Шымкент қаласында Сенатқа сайлау өтеді. Кезінде Шымкент қаласының әкімі, одан кейін  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Дархан Сатыбалды Сенат сайлауына кандидат ретінде ұсынылды. Иә, былтыр жыл соңында облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, шет елге оқуға кеткен Д.Сатыбалды.  

Дархан Сатыбалды қаржы бақылау құрылымдарында, Президенттің іс басқармасында, Астана қалалық әкімдігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде,  премьер-министрдің кеңсесінде істеген. 2013 жылы оны Асқар Мырзахметов Шымкент қаласының әкімі етіп тағайындады. 2015 жылы бұл орынға Әбдірахымов тағайындалған кезде  ол облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына ауысты. Енді міне, былтыр бұл қызметтен босатылып, «шетелге оқуға кеткен» Д.Сатыбалды  айналып келіп, Сенат сайлауында бақ сынағалы отыр. 

Шымкенттен  Сенат сайлауына ат қосқандардың  тағдыры ары қарай қалай шешілетіні  әкім Әбдірахымовтың тікелей ықпалына байланысты екенін ел де біліп, сезіп отыр. Әбдірахымов екінші мәрте Шымкенттің әкімдігіне тағайындалғанда қол шапалақтап қарсы алу сценарийін тамаша ұйымдастырған қалалық мәслихаттың таңдауы дәл  Дархан Сатыбалдыға түскені нені аңғартады?  Сатыбалды мен  Әбдірахымов  әуел  бастан бір команда сапында болғандығын ба? Олай болса, олардың  былтыр бірінен кейін бірі қызметінен босатылуы да бекер болмағаны ма? Сол тұста-ақ «Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар?» деген халық даналығын ел еріксіз еске түсірген.  Картаның беті ашылғаны ма бұл, қалай өзі?! Егер бұл рас болса, оған қоса жоғарыдағы жаппай тағайындауларды ескерсек Әбдірахымов картаны ашық ойнауға көшті. Айтпақшы, облыс әкімінің аппаратын басқарған Еркеғали Әлімқұлов та Түймебаев келген соң қызметінен босатылып, биыл Әбдірахымовтың командасынан дәл осы қызметті алды. 

Жәнібек ТАРХАН,

(Мақаланың толық нұсқасын "Рейтинг" газетінен оқи аласыздар)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер