Сайттарды бұғаттап тастайтын жаңа технология сынақтан өтіп жатыр

3467450-678x381.jpg

Ресей Telegram мессенджері мен тыйым салынған өзге ресурастарды бұғаттау үшін жаңа технологияны тестілеп жатыр деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасаған Ортиалық Азия жаңалықтар қызметі.

Тестілеумен құрамында Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі, Роскомнадзор және байланыс министрлігі мүшелері бар комиссия айналысып жатыр. Reuters мәліметі бойынша, жаңа жүйені 6 тамызда Мәскеу түбіндегі Реутов қаласында бастаған.

Осыған дейін байланыс министрінің орынбасары Алексей Волин Telegram-ды толық бұғаттай алмайтынын мойындаған.

2018 жылдың сәуір айында Мәскеудің Таганский соты Роскомнадзордың Ресейде Telegram-ды бұғаттау жөніндегі шағымын қанағаттандырған.

Осы күннен бастап мессенджер ресми бұғатталған. Бұл банктердің, онлайн-дүкендердің, әлеуметтік желілердің жұмыстарына кедергі келтірді. Telegram болса, жұмысын жалғастырып жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер