Автобуста жанып кетті деген 52 өзбекстандық тірі...

28bcbcf552de4029692dec6d99d71ce9.jpg

Ақтөбе облысының аумағындағы тас жолда, автобус ішінде жанып кетті деген 52 өзбекстандықтың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тарап қызықтау жауаптар берген. 

Олардың айтуынша, марқұм болғандарды туған жеріне табытпен алып барған. Мәйітті көрсетпеген. Ата-анаға ұлдарының қаза тапқаны туралы ешқандай сараптама қорытындысын да табыс етпеген. Сол себепті олар қаза тапты дегенге сенбейді. 

Вnews.kz. сайтының жазуынша, сот отырысына Өзбекстаннан келіп қатысып жүрген  Юлдуз Ганиева оқиға кезінде ұлы мен немересінен айырылыпты. 

-Мен олардың қаза тапқанына сенбеймін. Себебі ұлым мен немеремнің телефондары әлі күнге жұмыс істеп тұр. Бірақ жауап бермейді. Марқұм болды деген көптеген азаматтардың телефондары да өшірілмеген. Өздері жанып кетеді, ал телефондары жанбайды. Бұлай болуы мүмкін емес. Яғни олар тірі. Бәлкім олар құлдықта жүрген шығар,-деді сотта Ю.Ганиева. 

Айта кетері, бұл іс бойынша Түркістан облысының үш автобус жүргізушісіне айып тағылған.  Бірақ олар да, туыстары да бұл айыппен келіспейді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер