Илья Ильин нақты қанша жалақы алатынын жасырмай айтты

Көрлімі: 1605

IlyaIlyinOlympicsDay8Weightlifting42mL6YnnV7Jl-594x381.jpg

Илья Ильин спорт додаларындағы жеңісі үшін қанша миллион алғанын, қанша айлық алатынын және иелігінде қанша мүлкі барын айтып, ашық сұхбат берді. Бұл туралы Sports True Youtube-арнасы.

"Пекинде миллион доллар, Лондонда екі миллион долларға жуық ақша алдың дейді. Ал қазіргі қаржылық жағдайың қалай?", - деп сұрады журналист Ильиннен.

Ал спортшы өзінің ешқандай банкте шоты жоқ екенін, бар ақшаны екі жылдық дисквалификациялау кезінде жұмсап тастағанын айтты.

"Банкте шотым жоқ, мен миллионер емеспін. Бірақ кедей де емеспін - айлығым жаман емес. Шамамен 2000 доллар шамасында аламын.

Шығындарымды барынша қысқарттым - қазір дайындықта жүрмін, сондықтан көп нәрсенің қажеті де жоқ. Мен Милананың мектебіне, отбасыма көбірек ақша жаратамын", - деді Илья.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Илья Ильин нақты қанша жалақы алатынын жасырмай айтты