Адамның бас сүйегіне ұқсас алып астероид Жерге жақындап келеді (фото)

Көрлімі: 1079

Screenshot_5.jpg

Адам бас сүйегіне ұқсайтын астероид 11 қарашада Жерге 38 миллион шақырымға жақындайды деп жазады Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл ерекше астероидты ғалымдар 2015 жылдың күзінде байқаған болатын. Сол жылы ол Жердің жанынан 31 қазанда өткен, сондықтан оны "хэллоуиндік астероид" деп те атап кеткен.

Жерге 486 мың шақырымға жақындағанда ғалымдар оны суретке түсіріп алған. Суретте астероидтың маңдайы, иегі, көзі мен таңауы анық көрінеді.

Бұл астероидтың ерекшелігі - өлі құйрықты жұлдыз болуы. Мұндай тұжырым жасауға оның жылдамдығы мен сопақша келген орбитасы себеп болған. Күнге жиі жақындағандықтан "құйрығынан" айрылған көрінеді.

Бас сүйекке ұқсайтын астероидтың тағы бір ерекшелігі оның қара түсті болуы. Осының салдарынан аспан денесі түскен жарықтың 94 пайызын жұтып отырады екен.

Ғалымдар: "Бас сүйек тәрізді" астероид өз пішінін жоғалтуы әбден мүмкін", - деген болжам да жасап отыр.

Бұл астероид келесі жолы Жерге тек 2082 жылға қарай жақындауы мүмкін.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Адамның бас сүйегіне ұқсас алып астероид Жерге жақындап келеді (фото)