Н.Назарбаев: Мемлекет ешкімге тегін баспана бермейді

5584526e8ee87acc0111f9f0573a1d6b-620x256.jpg

Мемлекет басшысы кезекті жолдауы кезінде ешкімге тегін баспана берілмейтінін айтты

“Қалада жалдаламы үйдің құрылыс жұмыстарын ұлғайту керек. Бұл халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін қажет. Тағы да қайталап айтам, ешкімге тегін баспана берілмейді. Қазір бәрі басқаша, нарықтық экономика. Мемлекет тегін үй бермейді”, – деді мемлекет басшысы.

Елбаса баспана алам деушілерге несие жөнінде, басқа да жеңілдіктер қарастыруға болатынын айтты.

“Еш жерде тегін пәтер үшін кезек болмауы керек. Мемлекет есебінен  бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 млн адамға қолдау көрсетіледі”, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер