Мәдениет министрі сөзін бөлген ақынға ашуланды

Screenshot_3.jpg

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы “Жыр арқауы — Астана” атты халықаралық ақындар айтысына арналған баспасөз конференциясы барысында сөзін бөлген ақын Әсия Беркеноваға ашуланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Министрдің сөзін ақын Әсия Беркенова бөлді. “Кім қаржыландырады дейді, соны сұрап жатыр”, – деді Беркенова.

Бұған дейін журналистердің бірі министрден 20-21 қазан күндері Қазақстанда өтетін халықаралық айтыстың кімнің есебінен өтетіні жөнінде сұрақ қойған болатын.

“Жүлде қорында бас жүлдеге 5 миллион теңге, бірінші орынға 2,5 миллион теңге, үшінші орынға миллион теңге тағайындап отырмыз. Сонымен бірге қолдау ретінде тағы да 350 мыңнан жүлде бар. Мен сізге тағы айтайын, Астана мерейтойының жиырма жылдығына қатысты баяғыда сіздерге бір сенатор дұрыс айтпады. Ол “Астананың мерейтойын 5-6 шілдеде ғана атап өтеміз” деген болатын. Бұл — бір жылға ұласатын мереке. Бүкіл спорт шарасы, жазушылардың үлкен конгресі осы мерекеге орай ұйымдастырылып отыр. Енді ақындар айтысы өтпек. Бәрі Астананың 20 жылдығы аясындағы мереке”, — деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы “Жыр арқауы — Астана” атты халықаралық ақындар айтысына арналған баспасөз конференциясы барысында.

“Мен жақсы түсініп жатырмын. Сіз мазаланбай-ақ қойыңыз. Журналистер менің не туралы айтқанымды жақсы түсініп отыр. Бұл кісілер менің не үшін кішкене қаттырақ айтқанымды да біледі. Бәрі басында “20 жылдыққа осыншама ақша бөлген екен” деп шулаған. Қателесіп “5-6 шілде ғана тойланады” деп айтылды. Бұл бір жыл бойы өтетін шаралар. Соның ішінде енді халықаралық ақындар айтысы өтейін деп отыр. Сіз маған кішкене онша түсінбейтін сияқты қарайсыз ғой деймін”, — деп ашуланды министр.

Әсия Беркенова журналиске көмектесіп, сұрағына жауап алуын қалағанын айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер