Перуашев Божконы орнына қойды

Көрлімі: 382

Screenshot_2.jpg

Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Владимир Божко өзімен қатарлас қарт кісілерді қайта-қайта космомол мерекесімен құттықтай берді деп хабарлайды Total.kz.

Сонда отырысқа қатысырып отырған «Ақ жол» фракциясының басшысы Азат Перуашев депутатқа:

– Біз сізбен бірге Парламент Мәжілісінің ресми отырысында отырмыз. Сіз, Владимир Карпович, басқа да әріптестерім, отырыс ашылмай жатып бір-бірлеріңізді комсомол мерекесімен қоймай құттықтап жатырсыздар. Сіздер осы қай елде тұрасыздар? Білмесеңіз, мен естеріңізге салып қояйын, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Тәуелсіз Қазақстанда ондай мереке жоқ! Сондықтан бізді ол мерекемен құттықтаудың керегі жоқ. Егер бұл сіз үшін жеке мереке болса – онда бір-біріңізді Парламент отырысында емес, жеке кездесіп құттықтаңыз,

– деп жауап қатты.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Перуашев Божконы орнына қойды