Қазақтарды қорқауға теңеген белгілі вайнер түймедейді түйедей етпеуді сұрады (видео)

Көрлімі: 2275

Screenshot_1.jpg

Белгілі Қазақстандық вайнер, Инстаграм желісінде қызықты видеоларымен оқырмандарының ыстық ықыласына бөленіп жүрген Мейіржан Туребаев жақында отандық журналиске сұхбат берді. Сұхбат барысында ол балалық шағынан естеліктер келтірді. Ол 90-шы жылдары Өзбекстанда өмір сүргені, сол кездегі ауылдардағы атмосфера жайлы айтты. Әлеуметтік желілерде оның сұхбатынан мына үзінді кең тарап кетті:

«Біз Өзбекстанда тұрғанда қазақтарды жабайы деп санадық. Олар қаланы бұрқасын жел секілді адақтап, бәрін тонады. Олар ешкіммен алыспайды. Олар қорқаулар (гиена) секілді бәрін алып қашып кетеді».

Вайнердің бұл сөзі оқырмандардың наразылығын тудырды. Олар вайнерге қоқан-лоқы көрсетуге дейін барды. Іс насырға шапқанын сезген Мейіржан Туребаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында видео жариялады. Мұнда ол өзінің сөзінен терең астар іздемеуді, түймедейді түйедей етпеуді, ол ешқашан қазақтарды жамандамайтынын, ол тек 90-шы жылдардағы ауылындағы бұзақы балалар жөнінде айтқанын хабарлады. Ол өзінің патриот екенін, барша қазақтарды жақсы көретінін айтты.

Видео мына сілтемеде: https://www.instagram.com/p/BpkgszBnxqN/?taken-by=meirzhach_tv