Басты мақсат - үздік оқушы тәрбиелеу

Screenshot_1.jpg

«Мақтарал ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» 2018-2019 оқу жылын 294 оқушымен бастаған. Интернат жатақханасында 250 оқушы жатып оқиды. Мектеп-интернат арнайы күн тәртібі бойынша жұмыс жүргізеді. Таңғы жаттығудан бастап күні бойы оқушыларға  сапалы білім, мазмұнды тәрбие беріп,  салауатты , дені сау, уақыт сұраныстарына бейім   тұлға қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіледі.

1 қыркүйек Білім күніне орай салтанатты жиын, тәрбие сағаттары өтілді. « Қазақстаным-жүрегім, Түркістаным-тірегім!» деген тақырыпта өтілген  іс-шараға қала әкімдігінің өкілі, қамқоршылық кеңес төрағасы , ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар толық қатысты.

Ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті арттыру мақсатында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде жұмыс жасалуда.Бағдарлама  негізінде әр оқушыға жеке логин берілген.

Мектепте 40 мұғалім бар.Мұғалімдер жаңартылған білім мазмұны бойынша арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, айлық жалақысы көтерілді. Мектепте 7-8-сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алуда. Бұл сыныптарда жаңа оқу жылында оқу жүктемесі азайып, үй тапсырмасы 2 есеге дейін жеңілдетілген, үй жұмысын орындауға  кететін уақыт қысқартылған.

Screenshot_2.jpg

Мектеп кітапханасы оқушыларға рухани құндылықтарды дәріптеп, арнайы түзілген жылдық жоспар бойынша жұмыс жасайды.

Жалпы кітапхана қоры – 10252

Оның ішінде мектеп оқулықтары – 8562

Жаңа буын оқулықтар -1050

Оқырман саны – 249

7-сыныпта 59 оқушы, оқулық 100℅

8-сыныпта 60 оқушы, оқулық 100℅

9-сыныпта 62 оқушы, оқулық 100℅

10-сыныпта 30 оқушы, оқулық 100℅

11-сыныпта 82 оқушы, 85℅

Сонымен қатар көркем туындылар, әдеби шығармалар мен дидактикалық құралдар, баспасөз материалдары, т.б.  бар.

Мектеп-интернатта оқушылар 5 мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. 

Screenshot_3.jpg

Оқушылардың  сабақтан тыс уақытта спортзалда спортпен шұғылдануына, кітапханада ізденуіне, домбырашылар үйірмесіне қатысуына жағдай жасалған.

Мектеп – интернат жатақханасына 250 оқушы орналасқан.

Screenshot_4.jpg

Дарынды балалар мектебі болғандықтан емдеу-сауықтыру лагерьлеріне жиі барады, әсіресе, «Балдәурен» лагеріне барып, өнерде, білімде, спортта үздік атанған оқушылар өте көп.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер