Қазақстанда аптасына 5 күн тегін тамақ беретін асхана ашылды

Көрлімі: 1217

Screenshot_1.jpg

Оңтүстік астанада үш мезгіл ақысыз тамақ тарататын "Уақып" атты тегін асхана ашылды деп хабарлайды muftyat.kz.

Салтанатты ашылым өткен сенбі күні, үшінші қарашада өткен.

Қоғамдық тамақтану орны дүйсенбіден жұма аралығында таңғы сағат 9.00-ден 10.00-ге дейін, түскі сағат 13.00-ден 14.00 дейін, кешкі сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады.

Тегін ас жалғыз басты аналарға, жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы нашар жандарға беріледі. Асхана 100-120 адамға арналған.

Асханадан тамақтануды қалаған адамдар орталық мешіт аясында ұйымдастырылған "Ихлас" қайырымдылық қауымдастығы тарататын талондарды алып, сол арқылы тегін астан іше алады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Қазақстанда аптасына 5 күн тегін тамақ беретін асхана ашылды