Совет Одағында қойылған Қостанайдың атын Торғай деп өзгертуге облыс әкімі қарсы шықты

Көрлімі: 758

Screenshot_6.jpg

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір атауын Торғай деп ауыстыру туралы қазақстандықтардың ашық хатына пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

 Әкім жеті адам қол қойған хатпен жақсылап танысып шыққанын айтады.

"Қостанай Кеңес Одағы кезінде де Қостанай деп аталған. Ол бұрын Торғай деп аталған болса мен түсінер едім. Торғай - Жангелді ауданындағы ауыл, ол Арқалық жақта. Егер тарихи атауын қайтару болса бір жөн. Сондықтан, мен жеке басым - бұл ойға қарсымын", - деді өңір басшысы.

Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, ол облыстағы бірнеше қоғам қайраткерлерімен осы турасында сөйлескен.

"Мысалы біздің өңірдегі 3-4 ауданда әкім болған Сабыржан Ахметов, Халибек Дерибсалиндер хатқа қол қоймағандарын айтты", - дейді ол.

Сондай-ақ, әкім бұл мәселемен халықты даурықтыра беру дұрыс емес екенін атап өтті.

Мұндай ұсыныстар алдымен қоғамдық тыңдалымдарда талқылануы тиіс деп санайды ол.