Назарбаев Сағынтаевпен әзілдесті (видео)

Көрлімі: 567

Screenshot_1.jpg

Астана ХаБ" IT-жобалары инновациялық паркінің ашылу салтанатында жастармен тілдескен Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен әзілдесті. Бұл туралы Ақорданың Instagram парақшасынанда жарияланды.

"Астана ХаБ" ашылуына барған Елбасы қазақстандық стартап-компаниялардың жобаларымен танысып, жас кәсіпкерлермен тілдесті.

Олардың бірі мемлекет басшысына шет тіліне үйрететін жаңа оқу технологиясын таныстырды.

"Премьер-министр қазір белсенді түрде ағылшын тілін оқуда. Оған көмектесіңдер",- деді Елбасы Бақытжан Сағынтаевты алға шығарып.

"Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы, орындаймыз",- деп жауап берді жас стартапшы.

Видео мына сілтемеде: https://www.instagram.com/p/Bp3guDIBYfF/

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Назарбаев Сағынтаевпен әзілдесті (видео)