Astana Bank және Qazaq Bank салымшылары қаржыларын қашан қайтарып алады?

Screenshot_1.jpg

Сарапшылар Astana Bank және Qazaq Bank салымшылары қаржыларын қашан қайтарып алатынын айтты, — деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

Телеарнадағылардың мәліметінше, бүгінде Astana Bank-тің 267 мың салымшысы қаржатын қайтарып ала алмай жүр. Олардың депозитке деп құйған 39 миллиард теңгесін банк лицензиясынан айырылған сәтте бірден қайтармайды.

«Ұлттық банк 18 қыркүйекте Astana Bank-тің лицензиясынан айырған күнінің ертесіне-ақ, банктің уақытша әкімішілігі құрылып, жұмысқа кірісіп кетті. Ұлттық банк 2018 жылдың 15 қазанында сотқа шағым түсірген. Банк жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтату туралы іс қаралып жатыр. Соттың шешімі шыққаннан кейін, депозитті кепілдендіру қоры 14 күннің ішінде салымшылардың қаражатын өтеуге міндетті. Ал азаматтар жарияланған банк-агентке барып, қаражатын қайтарып алу туралы өтініш жазуы қажет. Содан кейін 5 күн ішінде белгіленген екінші деңгейлі қаржы институты салымшының жинақталған сомасымен есеп айырысуға міндетті», — деді Astana Bank АҚ уақытша әкімшілігінің басқарушысы Джемма Зинуллина.

Мамандардың айтуынша, Astana Bank салымшыларының 39 миллиард теңгесінің 37 миллиард 7 миллион теңгесін өтеу — депозиттерді кепілдендіру қорының мойнында. Ал қалған соманы арнайы комиссияның шешімінен кейін ғана азаматтар ала алады.

Өйткені қор тек ұлттық теңгеде жинақталған 10 миллион теңгеге дейін кепілдік береді. Ал өзге валютаға 5 миллион теңгеге дейін өтеп беруге қауқарлы.

«10 миллион теңгеден көп қаражат жинап, толық ақшасын қайтара алмай қалған азаматтар үнемі хабарландыруды қапы да қалдырмауы керек. Олар Ұлттық банкке, Қазақстандағы депозиттерді кепілдерндіру қорына немесе банктің өзіне барса болады. Ликвидациялық комиссияның «Заң» газетінде шыққан екі айдың ішінде аталған комиссия барлық шағымдарды қабылдауға міндетті екендігі туралы хабарландыруы керек. Одан кейін уақытша құрылған әкімшілік мәселені осы комиисияға тапсыруы үшін 1 ай уақыт береді. Бас-аяғы процесс тағы да алты айға созылуы мүмкін», — дейді Зинуллина.

Ал Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры департаментінің жетекші маманы Самат Төреқұлдың айтуынша, депозиттерге кепілдік беру қоры сыйақыға кепілдік бермейді. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сыйақыға кепілдік бермейді. Егер де банктік салым шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, капиталдандырылған сыйақы негізгі сомаға қосылады. Сонда бұл кепілдік объектісіне айналады. Тек бір жағдайда ғана капиталдандыру көзделсе, сыйақыға кепілдік болады», — дейді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры департаментінің жетекші маманы Төреқұл.

Телеарнадағылар мамандардың сөзіне сүйене отырып, осы уақытқа дейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 18 миллиард 600 миллион теңге салымшыларға үлестіргенін айтады. Бұл қаражат тақырға отырған «Наурыз Банк», «Валют-Транзит Банк», «Казинвестбанк және Delta Bank-ке сенім артып қаражат салған азаматтарға қайтарылған сома. Ал бүгінде екінші деңгейлі банкке ақша салып, пайда табуға тәуекелге барғандардың 8 миллиард 600 миллион теңгеден аса қаржысы айналымда екен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер