Атыраулық жігіттер суға секіріп кеткен жасөспірім қызды құтқарып қалды (фото)

Screenshot_1.jpg

Атырауда Жалғас Ибрайым және Ринат Нұрғалиев есімді екі жігіт суық суға секіріп кеткен 13 жасар қызды құтқарып қалған деп жазады "Ақ жайық" басылымы.

Олар әдеттегідей Жайық өзенінің Баймұханов-Мечников көпірі тұсында балық аулап болған соң үйлеріне қайтуға жиналып жатқан. 

Кенет көпір жақтауынан секіргелі тұрған жасөспірім қызды көздері шалады.

"Бір кезде ол суға секірді. Киіммен мен де суға қойып кеттім. Ол да бұл әрекетіне өкінсе керек, шыққысы келіп, қарманып жатты", - дейді Жалғас.

Жеткіншекті құтқаруға асыққан жігіттің аяғы суық судан құрыса бастайды. Су болған киімі де ауырлап кетіпті. Ол қызға жеткен соң оны жағаға қарай сүйреуге көшкен.

Жағаға жақындағанда Ринат жүзіп келмесе, оқиғаның соңы қайғылы аяқталуы да мүмкін еді. Алайда олар екеулеп қызды алып шығыпты.  

Жағдайды көрген басқа адамдар бірден жедел жәрдем шақырып, өзіне қол салмақ болған жасөспірімді ауруханаға алып кетеді.

13 жасар қыздың бұл қадамға не үшін барғаны белгісіз. Ал небәрі 20 жастағы қос батыр Жалғас пен Ринат "ерлік жасадық" деп ойламайды екен.

"Біздің орнымызда кез келген адам осындай қадам жасары анық еді", - дейді жас жігіттер.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер