Қытайда көз жұмған қазақ қызының туыстары оның денесіне сараптама жасатудан бас тартты

Screenshot_1.jpg

Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың туыстары оның денесін елге әкелуге тырысып жатыр. Сондықтан олар Қытайда қыздың мәйітіне сараптама жасатудан бас тартқан. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ведомство өкілінің сөзінше, қазақстандық қыз Қытайда оқып жүрмеген. Ол жаққа күнкөріс үшін барған екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сонымен қатар Смадияров марқұмның  Гуанчжоу қаласының маңындағы Фошань қалалық округінде тұрғанын айтты. Оқиғадан кейін қыздың мүрдесі Гуанчжоу жеткізілген екен.

«Біздің Бейжіңдегі консул бірден марқұмның туған-туысқандарымен байланысқа шықты. Бүгін Қытайда қайтыс болғаны туралы куәлік рәсімделді. Біздің консул да жан-жақты көмек көрсету үшін Гуанчжоуда жүр. Жақын арада оның мәйіті Қазақстанға жеткізіледі деп ойлаймыз», – дейді Айбек Смадияров.

Белгілі болғандай, Қытайда көз жұмған қыздың аты- жөні Динара Еренова. Ол 1995 жылы дүниеге келген. Смадияровтың сөзінше, ол аспан асты еліне жұмыс істеу мақсатында барған.

«Оның неден көз жұмғаны белгісіз. Өйткені Қытайда мәйітті сою процесі заң бойынша 30 күнге созылатындықтан, туысқандары бұдан бас тартты. Сондықтан олар қыздың денесін Қазақстанға әкелуді көздеп отыр», – дейді ведомство өкілі.

Марқұмның мүрдесі Қазақстанға жеткізілгеннен кейін, мұнда сараптама жасалатын-жасалмайтыны белгісіз. Оны туыстары шешетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер