Мәскеудің төрінде ән айтқан Димаш ресейліктерді тәнті етті

Көрлімі: 1311

Screenshot_2.jpg

Ресейде дәстүрлі түрде өтетін "Жыл әні" (Песня года) фестивалінде танымал композитор Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" әнін орындаған Димаш Құдайберген мәскеуліктерді таңдай қақтырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерекше даусымен әлемге танылған қазақстандық әнші Ресей астанасында өткен кешке арнайы барған. 

Ол өзінің Instagram парақшасында Мәскеуге жасаған сапарында түсірілген түрлі видеолармен бөлісті.

Кадрларда Димаштың ән орындап жатқан сәттері мен қалың көрерменнің оған деген қошеметі көрсетілген.

Сонымен бірге, әнші ресейлік композиторға керемет әндерді дүниеге әкелгені үшін және өзіне үздіксіз қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Тағы басқа видеоларда қызыл кілеммен жүріп өткен Димаш Құдайбергенді көпшіліктің ыстық ықыласпен қарсы алғаны көрінеді.

Желі қолданушылары болса әншінің өнеріне кезекті мәрте тәнті болып, жылы лебіздерін жарыса жазды.

Айта кетерлігі, Димаш бұған дейін де Ресейде өткен үлкен концерттерге қонақ ретінде шақырылып жүрген болатын. Оның әншілік қабілетіне атақты жұлдыздардың өзі орындарынан тұрып қол соққан.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Мәскеудің төрінде ән айтқан Димаш ресейліктерді тәнті етті