«Алпамыс батыр» жырын жатқа оқыған Бауыржан Байбек елді сүйсінтті (видео)

Screenshot_10.jpg

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан Байбектің «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасы аясында «Алпамыс батыр» жырын оқу эстафетасын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевадан қабыл алып, эстафетаны танымал кинорежисер Ақан Сатаевқа, кәсіпқой былғары қолғап шебері Қанат Исламға және ел мақтанышы дарынды әнші Димаш Құдайбергеновке жолдағанын байқауға болады.

Желі қолданушылары әкімнің бұл әрекетіне риза болып жылы пікірлерін жаудырды. Олардың арасында эстафетаны танымал тұлғаларға ұсынуын өте орынды іс деп бағалағандар да болды.

Видео мына сілтемеде: https://www.facebook.com/tulpar.minip/videos/344653839423646/?t=4

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер