Түркістанда жаңа әкімшілік іскерлік орталықтағы құрылыс жұмыстары қарқынды

d76bee20-d0ca-417e-aa38-b9a8ec7c6b43.jpg

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығы - Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан 26 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. 1536 пәтерден тұратын баспаналардың 1200 пәтері (20 тұрғын үй) арендалық үйлер болса, қалған 6 тұрғын үй, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналар қатарында. 

Іргетасы осы жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында тапсырылады. Ал 9 тұрғын үй (540 пәтер) келер жылдың қараша айына ел игілігіне берілмек.  Кредиттік көпқабатты 6 тұрғын үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында аяқталып, пайдаланылуға тапсырылады.

34645493-15d8-45a8-be5b-2de574472b92.jpg

25354334-e65a-485b-b07b-aeaf645b61a0.jpg

f2a8fefd-d6d0-4697-9a47-254c714db61d.jpg

925e7d7a-3248-4f86-ac33-635dd49cc946.jpg

Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы да халық игілігіне тапсырылды. Сондай-ақ, 900 орындық мектептің есігін жаңа оқу жылына дейін ашу жоспарлануда. 

Жаңа облыс орталығы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік аймағында қазір жаңа әкімшілік ғимараты, басқармалар және департаменттер үйлері, сондай-ақ, 5 жұлдызды «Риксос» қонақ үйінің құрылысы басталып кетті. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер