Қазақстандық қылмыскер 20 жылдан бері әлем бойынша іздестірілуде (фото)

Көрлімі: 159

Screenshot_6.jpg

Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан қылмыскер Николай Павлюк 1999 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүр деп хабарлайды Петропавловск.news сайты.

Анықталғандай, азамат Солтүстік Қазақстандағы Бішкүл (қазір Бескөл) ауылының тумасы екен. Ол 90-шы жылдары Краснодар өңіріне кетіп қалған.

1995 жылы Павлюк Ресейде топтық қарақшылық жасап, жеті жылға бас бостандығынан айырылады.

Алайда Павлюк төрт жылдан кейін түрмедегі жолдасымен бірге қашып кеткен. 

Көп уақыт өтпей-ақ оның жолдасы ұсталғанымен, Николай әлі күнге дейін табылмапты.

Қашқынды іздеуге халықаралық полиция да атсалысқан, алайда әзірге нәтиже жоқ.