Пара алу үстінде ұсталған шекарашы ақшаны жеп қоюға тырысқан

Screenshot_3.jpg

Шекарашы Украинадан Еуроодақ елдеріне темекі тасымалдауға жәрдемдескені үшін пара алып отырған.

Украина шекара қызметінің инспекторы пара алу үстінде ұсталып, ақшаны жеп қоймақ болды. Бұл туралы Украинаның Ұлттық полиция сайтында хабарланған.

Белгілі болғандай, шекарашы Венгриямен шекарадағы "Лужанка" өткізу пункті арқылы Украинадан Еуроодақ елдеріне еш кедергісіз темекі тасымалдауға көмектескені үшін пара алып отырған. Полиция мың доллар пара алу оқиғасын әшкереледі.

Инспекторды соңғы 200 долларды алып жатқан кезде ұсталған. Айғақтардың көзін жойып, жауапкершіліктен құтылмақ болған шекарашы параны жеп қоюға тырысады.

Қазақстанда ірі шенеунік қомақты парамен ұсталды — видео

Қазір полиция "Лужанка" өткізу бекетінің басқа қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы барын тексеріп жатыр. Оқиғаға қатысты "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті он жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер