Елімізде имамдар қанша жалақы алатыны белгілі болды

Screenshot_2.jpg

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың шешімен өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттердің имамдарына 50 мың теңге көлемінде жалақы берілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.  

"Қажылық қоры" есебінен 103 имамға қаржы аударылған. "Еліміз бойынша 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер.

Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша бүгін 103 ауыл имамына "Қажылық қоры" есебінен 50 мың теңге қаражат аударылды.

Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз", – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, еліміз бойынша 2626 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы – дін қызметкері.

Жалпы дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер