Әбілқасымова ауырып жатқанына қарамастан 5 қызынан айрылған үйге барып қайтты

Screenshot_2.jpg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова басшысы Мадина Әбілқасымова өткен аптадан бері еңбекке жарамсыз болып, емделіп жатқанын мәлімдеді. Соған қарамастан министр кеше Астанада қайтыс болған балалардың отбасына көңіл айтуға барған деп хабарлайды NUR.KZ.

Үкімет отырысында журналистер вице-министрден басшысының не себепті келмегенін сұрады. Тілшілердің сөзінше, Мадина Әбілқасымова кешелі бері сырқаттанып қалғаны туралы ақпарат тараған.

Бұған Светлана Жақыпова: "Кешелі бері емес, өткен аптадан бері ауырып жатыр", - деп мәлімдеді.

Қайғыдан қан жұтқан отбасына министрлік өкілдері барды ма деген сауалға, барғандарын жеткізді.

"Кеше бардық. Министрдің өзі кеше барып қайтты", - деді министр орынбасары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер