Түркістан инфляция деңгейі төмен үшінші өңір

Көрлімі: 67

Screenshot_1.jpg

«Рейтинг» газетінің 7 ақпан 2019 жылы жарық көрген №4 санындағы «Статистика не дейді, Сәбитов не дейді?» деген тақырыппен жарияланған мақалаға редакцияға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан арнайы хат келді. Хатта басқарма мақалада статистика мен өздерінің берген мәліметтеріне кеңірек түсінік беріпті.  Онда былай дейді:

- Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың желтоқсанында тұтыну бағаларының индексі 2017 жылдың желтоқсанында 104,8 пайызды құрады. Ал, осы есепті кезеңдегі республикалық орташа көрсеткіш 105,3 пайыз деңгейінде қалыптасты. 

Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.С.Сәбитов бұқаралық ақпарат құралдарына берген брифингінде 2018 жыл қорытындысымен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуын баяндаған болатын.  Ал, тұтыну бағаларының индексі 2019 жылдың қаңтары 2018 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша мәлімет 2019 жылдың есебіне жатады. 

ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2019 жылдың қаңтары 2018 жылдың қаңтарына облыстың тұтыну бағаларының индексі 104,5 пайыз республикалық орташа көрсеткіш 105,5 пайызды құрады. Бұл, инфляция деңгейі төмен өңірлер арасында үшінші көрсеткіш болып табылады,-делінген хатта.

Screenshot_2.jpg

Screenshot_4.jpg

Яғни басқарманың мәліметі бойынша Түркістан инфляциялық деңгейі төмен үшінші облыс. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осылай деп отыр. Бұған қарапайым тұтынушы не дейді?



®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Түркістан инфляция деңгейі төмен үшінші өңір