«Алғысым шексіз саған, Қазақ елі» атты мерекелік іс-шара және фото-кітап көрмесі өтті

Screenshot_10.jpg

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі және Түркістан қаласындағы Хамза атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастырумен «Алғысым шексіз саған, Қазақ елі» атты мерекелік іс-шара және фото-кітап көрмесі өтті.

Шараға ардагерлер кеңесі мүшелері мен музей қызметкерлері, ұстаздар және оқушылар қатысты.

Мерекелік жиынды "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Берік Байболов пен  «Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов құттықтау сөзбен ашып берді.

Көрмеге қорық-музей кітапханасы қорындағы Қазақстан мен түркі елдері арасындағы достық қарым-қатынас пен ел тарихын баяндайтын кітаптар және  суреттер қойылды. 

-"Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.  Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Ынтымақ пен бірлікке берік бабалар жолынан бүгінгі жас ұрпақ үлгі ала берсін!",-деген «Мерейлі отбасы» І-ші республикалық байқауының жеңімпазы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, жазушы Елтай Бимағамбетов жастарға ақ батасын берді.

Мерекелік шара мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер