«Туған жер» жобасы арқылы 97 нысан іске қосылды

fec82575-f3be-4ce6-b410-8d25d9fa5d4c.jpg

Түркістан облысында бағдарламаның 6 басымдығы негізге алынып, 6 арнайы жоба шеңберінде  ауқымды жұмыстар атқарылды.

«Туған жер» жобасы бойынша кәсіпкерлер мен ел азаматтары туған ауылдарына көмек көрсетіп, елді қуанышқа бөледі. Осы жоба арқылы 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 3 млрд. 386 млн. теңгені құрайтын 97 нысан іске қосылды. Аяқталған 97 нысанның – 28 білім мекемелерінің құрылысы және 3-і  қайта жөндеу, 2-і медицина мекемесі құрылысы. 12-сі спорт нысандарының жаңа құрылысы болса, 2-і спорт алаңын қайта жөндеу. 15 мәдениет нысаны ашылды. Абаттандыру бойынша  30 жоба іске асырылды.

Өңірде «Алтын ұям» жобасы қолға алынды. Жобаның бойынша мектеп бітіргендеріне 10, 15 және одан да көп жыл болған түлектерге орынсыз сән-салтанат орнына білім алған мектебіне көмек көрсету жөнінде үндеу жолданды. Нәтижесінде былтыр түлектердің көмегімен мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 10 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды.  Алдағы уақытта бұл жоба цифрландыру жүйесі арқылы жүзеге асырылмақ.

Білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарда 3,5 мыңға жуық іс-шара өткізілді. Сондай-ақ «Көне кітаптар – жазба ескерткіштер» ақпараттық шарасы барысында облыстағы 3465 көне кітаптың 185-і цифрлы форматқа көшірілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Елімізде жеке құжат алу үшін жаңа салық енгізілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер