Беспаев өзін көре алмайтын іштарларға қарсы қатаң жауап берді

Жақында ғана Еуразия ұлттық университетінде "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистрлік диссертация қорғаған танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өзін "еріккеннен оқып жүр" деп сынағандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазған.

Сөздің ашығын айтып, ағынан жарылған Бесбаев "кімнің досы, кімнің дұшпан екені белгілі болып қалғанын" да алға тартады.

"Қадірлі, достар! Өкінішке орай, біздің арамызда қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адамдар да кездеседі. Өзі ұстаз, өзі журналист-ғалым Мырзантай Жақып деген ағамыз фейсбукте мені ғалым болып біреудің орнын тартып алғалы жүрген адамдай сипаттапты.
Менің өнерде өз жолым бар. Ешкімнің жолына да, қызметіне де таласқан емеспін.

image_750x_5b35abf1d98ee.jpg

Бала күнімнен музыка мектебінде оқыдым. Ұлттық консерваторияда білімімді жетілдіріп, Т.Жүргенов атындағы Театр және өнер академиясын бітірдім. Жаңа заман талабына сай сол оқыған білімімді дамыту үшін "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистратураны жалғастырдым.
Экономика, заң, физика сияқты басқа саланы қуған жоқпын. Ел сөз қылмасын деп ашық диссертация қорғауға да келісім бердім. Келген адамдардың бәрі қорғаудың қалай өткенін көздерімен көрді.

Түркияның, Әзербайжанның елшілігінен де арнайы өкілдер қатысып отырды. Өз салам бойынша білімімді жетілдіруге менің де құқым бар деп ойлаймын. Кейде осындай сәттерде кімнің дос, кімнің дұшпан екені де белгілі болып қалады. Мен ешкімге жамандық тілемеймін. Баршаңызға тек қуаныш тілеймін!", - дейді елдің сүйікті әншісі.
Ал Мейрамбектің жанкүйерлері болса "ешкімнің аузына қақпақ бола алмайтынын" айтып, әншіге барынша қолдау білдірді.

"Ит үреді, керуен көшеді. Век живи, век учись! - демеуші ме еді халқымыз. Сені барша қазақ қолдайды Мейрамбек! Құтты болсын!", "Құтты болсын! Халық жақсы көреді, сенеді, сондықтан алға! Министр болыңыз", - деп жазды олар.
Дегенмен, пікір білдірушілер арасында бүгінде шоу бизнес өкілдері арасында себепсіз "магистр және доктор" атанып жатқандар бар екенін айтып қалғандар да болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер