Назарбаев қазақстандықтардың өмірін ұзарту туралы тапсырма берді

Қазақстан президенті еліміздегі алғашқы роботтық хирургия орталығында болып, заманауи нысанның жұмысымен танысты деп хабарлайды КТК арнасы.
Өскеменеге іссапарымен барған Нұрсұлтан Назарбаев Аягөз, Зырян аудандараның инсульт орталықтарының ұжымдарымен де телекөпір арқылы тілдесті.

image_750x_5b35c1578f4d4.jpg

"Қазақстан бойынша адамның шетінеуінің ең жоғарғы көрсеткіші ол қан тамырларының жүректің аурулары болатын. Қазір барлық облыстық орталықтарда жүрекке операция жасайтын жағдайға жеткіздік.
Бала туу мәселесінде баланың шетінеуі көп болатын. Оны да төмендеттік. Сондықтан, елдің денсаулығын нығайтып өмірін ұзарта беріңдер", - деді мемлекет басшысы.
Жас дәрігерлерге тапсырма берген соң президент Шығыстағы бекіре өсірумен айналысатын фермаға аттанды.

Мұнда бағалы балықты өсірудің тың әдістері қолданылады екен. Алдағы уақытта мұнда жылына 45 тонна бекіре мен 4 тонна қара уылдырық өндіретін жоспарлары бар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер