Назарбаевқа өмір бойы басқару құқығы берілді

Көрлімі: 17018

9ab3e6e8-523c-4841-9712-818ed29dee85.jpeg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару құқығын иеленді. Қабылданған заң "Казахстанская правдаға" жарияланып, өзінің заңдық күшіне енген деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атаулы органның өкілеттілігі біршама кеңейтілген. "Қазақстанның тұнғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқару құқығы берілсін", - деп жазылған заңды құжатта.

Елбасы заңға 5 шілде күні қол қойды.

Анықталғандай, президентке мұндай лауазымның берілуі елде жүріп жатқан реформалар нәтижесінде болған.

Заңға сәйкес, қауіпсіздік кеңесі төрағасының бұйрықтарын Қазақстан аумағындағы барлық мемлекеттік органдары орындауға міндетті.

Айта кетейік, бұл заңды парламент мамыр айында қабылдаған.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Назарбаевқа өмір бойы басқару құқығы берілді