Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды

ad8da2e8b7915e2058e77b1af33f4998_resize_w_520_h_.jpg

Бүгін Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және делегаттар қатысып, конференцияны Олимпиада жүлдегері Денис Тенді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жиында Мәулен Әшімбаев Түркістанның қазақ тарихындағы маңызына тоқталды. Партия филиалы осы шаһарды дамытып, ірі орталыққа айналдыруға күш салу керектігін жеткізді.

«Түркістан Елбасы саясатының арқасында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Ол болашақта барша түркі әлемінің орталығына айналып, бұрынғы атақ-даңқын қайта иемденеді деп сенеміз. Қаланың осындай әлеуетін ескере отырып, біз Түркістанда мәдени туризмнің дамуына да аса мән беруіміз керек. Елбасының Түркістан облысын құрып, оның орталығы етіп Түркістан қаласын белгілеуі тарихымызда алтын әріптермен жазылатын оқиға. Бұл шешім Түркістанның қайта түлеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын орталыққа айналуына жол ашып отыр. Президент жаңа облысты дамыту жұмысын білімді де білікті басшы Жансейіт Түймебаевқа сеніп тапсырып отыр. Ол бұған дейін де көптеген қызметтерді абыроймен атқарды. Оңтүстік Қазақстан облысын дамыту жолында нәтижелі жұмыстар істеді. Шебер ұйымдастырушы ғана емес, белгілі түркітанушы ғалым. Түркияда елші болып қызмет атқарған, Түркі әлемінің ерекшеліктерін, қыр-сырын жақсы біледі. Сондықтан бұл азаматтың ер түріктің бесігі болған Түркістанды гүлдендіріп, бұрынғы даңқын қайта шығаратынына сенеміз және жүктелген міндеттерді тыңғылықты атқаратынына ешқандай күмәніміз жоқ. Осыған орай, Жансейіт Түймебаевты облыстық филиалдың төрағалығына ұсынамыз», – деді партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Конференция делегаттарының бірауыздан қолдауымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Мәулен Әшімбаев облыс әкімінің бұл қызметті де абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, төрағалық куәлігін салтанатты түрде тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер