Түркістан облысының депутаттары мандаттарынан бас тартып жатыр

1509429623_article_b_1500_.jpeg

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тікелей мұрагері болып табылатын Түркістан облыстық мәслихатының 6 депутаты мандатын тапсыру туралы арызын жазды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Керімхан Қадырбеков «Рейтинг» газетіне берген жауабында айтты.

– Облыстық мәслихатқа Шымкент қаласынан сайланған 14 депутаттың сайлау округтері Шымкент қаласының аумағында қалып қойды. Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Дәл қазіргі уақытта шымкенттік депутаттар арызын жазып, мандатын тапсырамын десе, қарсылық жоқ. Депутаттық өкілеттігімді ары қарай жалғастыра беремін десе де заңға қайшы келмейді. Себебі осындай жағдайда не істеу қажеттігі заңда нақты көрсетілмеген, – деді аппарат басшысы.

К.Қадырбековтың айтуынша, бүгінде облыстық мәслихатқа Шымкент қаласынан сайланған алты халық қалаулысы депутаттық мандатын тапсыру жөнінде арыз жазған. Бірақ аппарат басшысы олардың аты-жөндерін атаған жоқ.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер