Әбдірахымовпен Германияда қатар оқыған азаматша Шымкенттің бас ұстазы болды

4183789.jpg

Бүгін Шымкент қалалық білім беру басқармасының басшысы болып «Болашақ» бағдарламасының түлегі - Ақерке Абылайхан тағайындалды.

Ақерке Абылайхан 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысының Аркат ауылында дүниеге келген. Орта білім алғаннан кейін Ш.Құдайбергенов атындағы Семей педагогикалық институтына түседі. 1997 жылы «биология және химия» пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Содан кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, одан кейін Хемниц техникалық университетінде (Германия) білімін жалғастырады.

Философия ғылымдары бойынша Доктор PhD-ғылымдарының кандидаты (Ph.D.) және жаратылыстану ғылымдары бойынша PhD- докторы (неміс жүйесінде) оқытушылық дәрежелеріне ие.

Бірқатар мемлекеттік және халықаралық марапаттарға ие болған. Бұл қатарда,  БҒМ-нің құрмет грамотасымен және белгісімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», Ауғанстанның Жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, ТМД-ның Білім беру жобалары жөніндегі Атқарушы комитетінің, сондай-ақ ШЫҰ-ның медалімен марапатталған.

Осы жылдар ішінде ол ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитетінің мүшесі болды; Білім беру жобалары бойынша ТМД сараптамалық тобының төрағасы, ҚР СІМ-нің Ресми дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.

2016 жылы Германия Үкіметінің білім беру бағдарламасы «дуалды оқыту» (Кельн және Берлин) және білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар (Сеул) семинарына қатысты.

2018 жылы - БҰҰ-ның әйелдер ісі жөніндегі ғылыми кеңесшісі болды.

Еңбек жолын Семей мемлекеттік университетінде интерн-педагог ретінде бастаған.

Содан кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Хемниц техникалық университетінде (Германия) ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.  

2006 жылдан бастап 12 жыл бойы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінде - кафедра меңгерушісі; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Даму стратегиясы департаментінің халықаралық бағдарламаларын іске асыру бөлімінің басшысы, БҒМ-нің Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары және ҚР БҒМ-нің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерін, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Саяси басқару академиясы директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Қазақ тілімен қатар, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер