Qazaq Banki мен Эксимбанк лицензияларынан айырылды

банк.jpg

Бүгіннен бастап Qazaq Banki мен Эксимбанкте аударым ақшадан басқа жағдайдың бәрінде клиенттердің барлық банк шоттары мен банктердің өздері бойынша операциялар тоқтатылды. Бұл туралы Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлама таратты.

Ұлттық банкінің Эксимбанк пен «Qazaq Banki» АҚ-ны құнды қағаздар нарығында жұмыс жүргізуде банктік және басқа да операцияларды жүргізу лицензиясынан айыруына бірқатар талаптардың бұзылуы себеп болған. Атап айтқанда, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ аталмыш лицензиядан пруденциялық нормативтердің, нормативтік-құқықтық акттердің жүйелі түрде бұзылуына, сонымен бірге қосымша капитализация бойынша уәкілетті органның талаптарын банктің ірі қатысушыларының орындамауына байланысты айырылып отыр. Сол секілді «Qazaq Banki» АҚ жүйелі түрде (күнтізбелік он екі айдың ішінде үш және одан да көп мәрте) төлемдік және аудармалық операциялар бойынша келісім міндеттерін лайықсыз орындағаны және жүйелі түрде пруденциялық нормативтер мен өзге де міндеттерді, нормалар мен лимиттердің бұзылуына байланысты аталмыш лицензиядан айырылған.

«Ұлттық банк төрағасының 2018 жылғы 27 тамыздағы бұйрығына сәйкес, банктердің уақытша әкімшілігі тағайындалды. Оларға банктерді басқарудағы барлық органның құзіреттілігі беріледі. Уақытша әкімшілік сот ликвидациялық комиссияны тағайындағанша жұмыс жүргізеді. 2018 жылдың 28 тамызынан бастап уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде қарастырылған шығындардан, банкке түсіп жатқан аударым ақшадан басқа жағдайдың бәрінде клиенттердің барлық банк шоттары мен банктердің өздері бойынша операциялар тоқтатылды. Бекітілген заңнамалық тәртіп бойынша Ұлттық банк банктердің жұмысын тоқтату туралы сотқа жүгінеді», - делінген хабарламада.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер