Түрі органда жұмыс істейтін адамға ұқсайтын Сәдібеков жемқор директорды қалай ұстамақ болды?

Уласбек-Садибек.jpg

Жақында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков қалада таксиге мініпті. Содан ол шопырды «көлігің қай жылғы» дегендей сұрақтармен әңгімеге тартқан. Жанды жерін тырнады ма, таксист ашуланып шыға келіпті. «Менің бұдан да мықты көлігім бар еді. Бірақ, әйелімді мектепке жұмысқа орналастыру үшін 1 миллион теңге керек болды. Амал жоқ, бұрынғы мәшинемді сатып, орнына осыны алдым» деп дүрсе қоя береді. Әрине, Сәдібековке емес, жемқор директорға. Содан Сәдібеков жайлап сұрамай ма, «қай мектеп?» деп. Облыс әкімінің орынбасарына бажайлап қараған шопыр: «түріңіз органда істейтін адамға ұқсайды екен» деп жауап бермей қойыпты. 

– Әлгі таксист директорды қарғап отыр. Адамдар ақшаны қарғап-сілеп береді. Одан ешкім мәз болмайды, - деп Сәдібеков апта басында «Түркістан» сарайында өткен алқалы жиында аудандық білім бөлімі басшыларын, мектеп директорларына таксиде болған оқиғасын баяндап беріп, оларды пара алмауға шақырды.  

(Толығырақ "Рейтинг" газетінде)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент екі Заңға қол қойды
  • Созақта шенеуніктер сәбіздің келісін 16 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған
  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер