Шымкент қаласының әкімі мәселені телефонмен шешуді тапсырды

Көрлімі: 589

Screenshot_1.jpg

Фото: Tengrinews.kz

Шымкентте жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерде отбасылық амбулаториялар болуы керек. Мұндай тапсырманы қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов Президент Жолдауын талқылауға арналған қала активінің жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынды қорытындылаған Ғабидолла Әбдірахымов Елбасының Жолдауындағы мемлекеттік органдарға формализм мен бюрократияны азайту туралы тармағын ерекше атап өтті. «Жиналысты азайтып, атқаратын жұмысты көбейту керек! Мәселелерді телефон арқылы шешіңіздер. Бұл қандай да бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықты болдырмайды: егер ол мемлекеттік қызметшімен тікелей кездесуге келсе бір нәрсе жасырады немесе бір нәрсе ұсынғысы келеді»,- деді қала басшысы.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шымкент қаласының әкімі мәселені телефонмен шешуді тапсырды