Жолдау Қасымовтың ұпайын түгендеп берді

kasimov.jpg

Саясаттанушылардың пікірінше, Елбасының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ»  Жолдауы бірқатар шенеуніктің ұпайын түгендетіп,  енді біреулердің позициясын әлсіретті. Әсіресе  Ішкі істер министрінің күшейгені аңғарылады. Көп жылдан бері қоғамда министр Қалмұханбет Қасымовқа қарсылық  күшейген еді. Наразылық Денис Теннің өлімінен соң шырқау шегіне жетіп, көпшілік бас полицейдің отставкаға кетуін талап ете бастады. Сарапшылар да күзгі ауыс-түйіс барысында 7 жыл министр болып келген Қасымовтың қызметтен міндетті түрде кететіні жайлы болжам жасаған.  Алайда, Қасымовтың осы қызметте әлі де отыратын түрі бар. Ол ол ма, Елбасының аузынан «Мен генерал Қасымовты еліміздегі ең тәжірибелі, шыншыл әрі әдепті полицей ретінде көремін» деген мақтау сөздерін естіді. Бұдан кейін Қасымовтың мұртын балта шаппайтын түрі бар.  Дегенмен, Қасымовтың алдына үлкен міндеттер қойылып отырғанын да мойындау керек. Әсіресе «полицейлер сервистік модельге көшуі тиіс» деген тапсырманың қалай орындалатыны  жұртты қызықтыруда.

Жолдаудың қорытындысы бойынша позициясын күшейткендердің  қатарына саясаттанушылар ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовты, Президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешевті, вице-премьер Асқар Мәмин және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті жатқызуда. Ал беделі төмендегендердің тобында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев, Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов пен Ұлттық экономкиа министрі Тимур Сүлейменов секілді шенеуніктер жүр.  Бұлардың кез-келгені тағы сүрінген жағдайда отставкаға жіберілуі бек мүмкін


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер