Павлодар мен Көкшетау қалаларының әкімдері қанша жалақы алатындарын айтты

Көрлімі: 349

8fe9b266104f8991c1c927eb5f8d5e45.jpg

Павлодар қаласының әкімдігі Әнуар Күмпекеевтің бір айлық жалақысының көлемін жария етті деп жазады Tengrinews.kz сайты.

Күмпекеевтің бір айлық жалақысының көлемі - 462 245 теңге. Сонда бір жылдық табысы 5 546 940 теңгені құрайды екен.

Айта кетерлік жайт, әкім салық пен зейнетақы төлемдерін (жалпы сомасы - 1 019 976 теңге) дер кезінде төлеп отырады екен. Осыдан бұрын Көкшетау және Қарағанды облысының әкімдері де өз жалақыларының көлемін жария еткен болатын.

Көкшетаудың әкімі Ермек Маржықпаевтың биылдан бері 451 627 теңге көлемінде еңбекақы алып келеді екен. Ал өткен жылы Маржықпаев мырза айлықпен сыйақыларды қоса есептегенде 6 145 112 теңге табыс тапқан. Әкімдіктегілер қала басшысының табыс салығын (552 164 теңге) уақытында өтеп отыратынын алға тартты.