Экономика министрі 42 мың теңгеге көп нәрсе алуға болатынын айтты

Көрлімі: 19004

74e309f43ed011a5ae6648252e5b350f-small.jpg

Ресми мәліметтер бойынша Қазақстан халқының 2,6 пайызы кедейшіліктің шегінде өмір сүреді екен. Елімізде ең төменгі күн көріс деңгейі - 28,7 мың теңгені құрайды екен. Осы сомаға Қазақстанда өмір сүруге бола ма? Бұл сұрақтың жауабын Азаттық Радиосының тілшілері министрлер мен депутаттардан анықтамақ болды.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сұраққа нақты жауап берген сыңай танытып, аталмыш көрсеткіш өседі деп сендірді.

"Еліміздегі орташа жалақы көлемі 163 мың теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш өсіп келеді. "Ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?" деген сұрағыңыз дұрыс емес, себебі Қазақстан халқының басым бөлігі бұдан көп жалақы алады. Елбасы 2019 жылдан бастап бұл санды 2 есеге өсіруді тапсырды. Енді бұл сома 42 мың теңгеге өседі. 42 мың теңгеге көп нәрсе алуға болады деп ойлаймын", - деді министр.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Экономика министрі 42 мың теңгеге көп нәрсе алуға болатынын айтты