Бисембаевтың ықпалы артып келеді

Көрлімі: 50

Screenshot_3.jpg

Саясаттанушылардың  пікірінше, алдағы уақытта Абай Бисембаев пен Асқар Мәминнің де ықпалы арта түспек екен. Демек, олар жаңа қызметтерге тағайындалуы бек мүмкін.    Бисембаев - соңғы кездері саяси аренада күшейіп келе жатқан жаңа фигуралардың бірі. Жалпақ жұртқа бейтаныс болғанымен, Бисембаев қазірдің өзінде-ақ билік басындағы маңызды шешімдерге ықпал ете алатын ауыр салмақтағы саясаткер ретінде қалыптасып үлгерген. Әйтеуір, өзінің бірқатар орынбасарларын лауазымды қызметтерге сүйреп шығарғаны, соңғы кездері Елбасының жанында іс-сапарларға жиі шыға бастағаны осыны растайтын секілді. Ол 6 жылдан бері  Қазақстан Республикасы Президенті  Іс Басқарушысы болып қызмет атқарып келеді. Оған дейін 6 жыл Іс Басқарушысының  орынбасары болып  жұмы істеген. Яғни, Елбасының ең сенімді кадрларының бірі. Демек, Бисембаев өспегенде кім өседі? 

Президенттің Іс басқарушысы Елбасының барлық іс-сапарларында бірге  жүреді. Мемлекет басшысының қай көлікке мініп, қайда жататынын шешу - Бисембаевтың мойнындағы шаруа. Іс басқарушысының құзырына   сонымен қатар президенттік аппарат, Үкімет, Парламенттің де жұмысын қамтамасыз ету, осы органдардың шаруашылғын жүргізу, түрлі резиденциялар, лауазымды шенеуніктерге арналған шипажайлар, медициналық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысын қадағалау да кіреді. Бұған дейінгі жылдарда осынау жауапты да мүмкіндігі мол қызметті Болат Өтемұратов, Темірхан Досмұхамбетов, Сарыбай Қалмырзаев, Серік Үмбетов секілді саяси алпауыттар басқарған. Ал 90-шы жылдардың соңында  бұл қызметке Владимир Ни жетекшілік жасаған. Елбасының жанында жүріп, елдегі көптеген саяси әрі бизнес процестерге тікелей ықпал еткен Нидің «Крамдс» және «Қазақмыс» секілді корпорациялардың құрылуына  атсалысқаны белгілі. 

2006 жылдан бері осы салада қызмет етіп келе жатқан Абай Бисембаевтың осы мерзім ішінде әбден күшейіп, ықпалының анағұрлым өскені айтпаса да түсінікті.  Ал «Бисембаев қандай қызметке баруы мүмкін?» деген сұраққа осыдан біраз уақыт бұрын сарапшылар «ол Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті алмастыруы ықтимал» деген пікірді алға тартқан болатын. Бірақ, әзірше Байбек өз орнында отыр.  

"Рейтинг" газеті

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Бисембаевтың ықпалы артып келеді