Семірген қазақстандық полицейлер жұмысынан қуылады

Көрлімі: 1593

400.jpg

ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымов семіре бастаған полицейлерден жұмысынан кетуді сұрайды. Бұл туралы kaztag.kz хабарлайды.

«Біз полиция формасын тым ресми болған үшін ауыстырамыз. Соңғы рет 2001 жылы ауыстырдық. Бізде ортақ талаптар бар. Полицейлер физикалық дайындықтан өтеді. Семіре бастаған полицейлер жұмысынан кетеді», – деді Қасымов сенаттың кулуарлы отырысында. Министрдің сөзінше, полицейлер біраз уақыттан бері форманы ауыстыруды сұрап келген. «Біз қазір киімді ғана емес, жұмыс барысын, құрылымын өзгертіп, фронт-кеңселер салып жатырмыз. Бірақ сіздер тек киімге тіреліп қалған секілдісіздер. Форманы әлі ешкімге көрсеткен жоқпыз. Ол әлі тігіліп жатыр», – деді министр.

22 қазан күні ІІМ мемлекеттік істер және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Сәдубаев полицейлердің киімі өзгеретінін хабарлаған еді. Кейіннен Қасымов не себепті форманы ауыстыратынын айтып өткен болатын.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Семірген қазақстандық полицейлер жұмысынан қуылады