Ақтөбенің әкімі әкесіз өсіп жатқан сәбиді бауырына басты

Көрлімі: 750

Screenshot_5.jpg

Тұңғыш президент күнінде Ақтөбе қаласының әкімі әкесіз өсіп жатқан балалардың тұсауын кесу рәсімін өткізді деп хабарлайды Aktobenews.kz сайты.

Он бір ай бұрын "Аналар үйінде" өсіп жатқан Эльнур мен Ярославты қырқынан шығарған әкім Тұңғыш президент күніне орай Эльнурдың тұсауын кескен. 

Кішкентай бүлдіршін алдына қойылған заттардың ішінен микрофонды таңдапты.

Испанов мырза "Әнші болады ғой", - деп қуанып қалған.

Шара барысында Ярослав, Нұр, Диляр есімді балалардың да тұсаулары кесілген.

"Біздің бүлдіршіндер беделді тұлғалар сияқты биіктен көрінсін деп ырымдадық. Өзге ұлт өкілдері болса да, біз балаларды қазақтың дәстүрі мен әдет-ғұрыптары бойынша баулимыз", - деді "Аналар үйі" қоғамдық қорының үйлестірушісі Таңсұлу Лакова.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Ақтөбенің әкімі әкесіз өсіп жатқан сәбиді бауырына басты